- Тегі , аты , әкесінің аты: Каржауова Арайлым Жасеновна
- 2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, «Ақкөл жалпы орта мектебі» КММ-сінің мектеп директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
- Жынысы: әйел
- Туған жылы және туған жері: 03 тамыз 1979 жыл. Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылдық округі
- Ұлты: қазақ
- Білімі: Жоғары, 2002 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
- Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
- Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні:
- Мекен жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылдық округі, Хиуаз ауылы,
- Жалпы жұмыс өтілі: 22 жыл
- Саладағы жұмыс өтілі: 20 жыл
- Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 5 жыл
- Марапаттаушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі:
Ұстаздық қызметтің сырын шебер меңгерген, тұр тұлғасы оқушыны өзіне қызықтырып тұратын, әрбір атқарған ісі үлгілі, мамандығын теориялық тұрғыдан шебер меңгерген, практикамен ұштастыра білген қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Қаржауова Арайлым Жасенқызы алғашқы еңбек жолын 1999 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде аға тәлімгер, 2002 -2008 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2008-2017 жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызметтер атқарып, 2017 жылдан бері Ақкөл жалпы орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарып келеді. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, ұжым мүшелеріне әдістемелік көмек ұйымдастыруда шеберлігі мол. Ұжымда өзінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсете білді. Өз пәнінен оқушы қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдері – ұстаз еңбегінің таптырмас құралы. Себебі пән апталықтарында өткізген ашық сабақтарының «өте жақсы» деп бағалануы мен мектеп басшысы ретінде мектептің мәдени – көпшілік шараларында, семинарларда біліктілігінің шыңдалып, көрініс табуы.
Арайлым Жасенқызы – әріптестері арасында сыйлы да қарапайым, ізденуден бірде- бір жалықпайтын маман. Осы еңбек жолында мынадай жетістіктерге қол жеткізді:
- Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі «Бейбітшілік әлемі» орталығының Құрмет грамотасы 2015 жыл;
- Республикалық «Ең үздік шеберлік сабағы» байқауы ІІІ орын 2016ж.
- Республикалық « Кио» олимпиадасы І орын 2018 жылғы
- «Алиф» оқу орталығынан Алғыс хат 2019 жыл;
- «Алтын глобус» халықаралаық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясының Құрмет грамотасы. «Білім беру саласының үздігі» Төсбелгісі 2019 жыл;
- «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналынан І дәрежелі Диплом 2020 жыл;
- Облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғыс хаты 2018, 2019 жыл;
- Облыстық «Үздік сабақ» сайысы ІІ орын 2017 жыл;
- Облыстық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ орталығынан Алғыс хат 2019 жыл;
- Облыстық «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы негізінде Алғыс хат 2020 жыл;
- Аудан әкімінің Алғыс хаты 2017, 2018, 2019, 2020 жыл;
- Аудандық «Үздік менеджер» байқауы Алғыс хат 2020 жыл;
- Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты 2017, 2019 жыл.
Нургалиева Бакытгуль Сериккалиевна
Ақкөл жалпы орта мектебінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, математика пән мұғалімі
Туған жылы: 23.05.1986ж.
Бітірген оқу орны: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Мамандығы: математика
Еңбек өтілі: 15 жыл
Санаты: Педагог – Сарапшы
- Қалалық педагогикалық оқу «Алғыс хат» 2019 жыл
- «Өнеге» интелектуалды білім порталы «Үздік ашық сабақ» байқауы, ІІ дәрежелі диплом 2019 жыл;
- «Өнеге» интелектуалды білім порталы сертификат 2019 жыл;
- Аудандық математика пәні мұғалімдер олимпиадасы ІІ дәрежелі диплом, 2019 ж.;
- «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық журналы, Құрмет грамотасы, 2019 ж.;
- Облыстық «Педагогикалық оқулар» Алғыс хат, 2017 ж
- ХVIII аудандық педагогикалық оқулар, І дәрежелі диплом, наурыз 2017 ж.;
- «Ұстаз борышы» Республикалық әдістемелік ғылыми – педагогикалық журнал, желтоқсан №12 (57) 2021 №5. «Векторлар арасындағы бұрыш» сабағы жарияланды. «Қазақстан ұстазы» журналы, Құрмет граматосы, диплом, сертификат, 2021 ж.
Мукашалиева Жанаргул Сисемалиевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары
Туған жылы: 1988.22.02
І санатты тарих пәні мұғалімі
Еңбек өтілі: 13жыл
Байланыс телефоны: 87014348878
Электронды поштасы: mukashalieva@mail.ru
Абзалова Римма Амангелдиевна
Бастауыш оқу оқу ісі орынбасары
Абзалова Римма Амангелдиевна 1996 жылы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогика колледжін аяқтап, 2015 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1996 жылы Құрманғазы ауданы Ю.А.Гагарин атындағы мектепке бастауыш сынып мұғалімі, кейіннен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп-психологі қызметтерін атқарды.
2011 жылдан бастап Ақкөл жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жасап келеді. Еңбек өтілі 25 жыл. Санаты педагог-зерттеуші.
2018 жылы Аудандық педагогикалық оқулар байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды
2019-2020 жылдары оқушылары Республикалық Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадаларға қатысып, Мақтау қағазымен марапатталды.
2019 жыл «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «QAZAQ BILIMI»республикалық ғылыми-әдістемелік,педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурсының І дәрежелі Дипломымен марапатталды. Шығармашылық жұмысы журналға жарияланды.
2019 жылы «Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналында «Мәңгілік ел» идеясы негізінде оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу жолдары» тақырыбында педагогикалық мақалам жарияланды.
2019жыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалынан Алғыс хатпен марапатталды.
2020 жылы Аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің «Заманауи сабақ» байқауында І орын иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021жыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, облыстық «Цифрлық білім беру ресурстарын сабақта қолдану тәжірибемнен» тақырыбында байқауына қатысып, III дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Уразгалиева Айгуль Бактыгалиевна
Әдістемелік оқу іс жөніндегі орныбасар
Уразгалиева Айгуль Бактыгалиевна 1987 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп,жоғары білім алып шықты. Еңбек жолын 1987 жылдан Атырау қаласындағы №3 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1988 жылдан осы Ақкөл жалпы орта мектебінде математика пәні мұғалімі болып қызмет жасап келеді. Еңбек өтілі 34 жыл.Санаты- Педагог-зерттеуші.
Оқушылары Республикалық,облыстық, аудандық сайыстарға үнемі қатысып жоғары нәтижелік көрсеткіштер көрсетеді.
2009-2010 о.ж.-Республикалық ғылыми-әдістемелік «Математика Қазақстан мектебінде» журналында ұйымдастырған конкурска шығармашылық жұмысымен қытысып, жүлделі III орынды иемденді.Шығармашылық жұмысы журналдың 2009 жылғы №6 санында жарияланды.
2010-2011о.ж.–облыстық математика пәні мұғалімдерінің ғылыми тәжірибелік конференциясына қатысып, Атырау облысы білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталып, жұмысы жинаққа енді.
2010-2011о.ж.-8сынып оқушысы Кеңесова Жайнара математика пәні бойынша аудандық олимпиадада І орынға ие болып, облыстық олимпиадада ІІІ орынға ие болды.
2010-2011 о.ж.-8г сынып оқушылары: Сапарова Бибінұр, Кеңесова Жайнара,
Алмабекова Ақнұр халықаралық «Кенгуру» математикалық сайысына қатысып, І орынға ие болды
2012-2013 о. ж-5а сынып оқушылары Сабитова Ақкүміс, Халықова Жаннұр республикалық «Ақбота» интелектуалдық ойынына қатысып, ІІІ орынға ие болды.
2014—2015о.ж.- 9 сынып, 7 сынып оқушылары математика пәні бойынша халықаралық қашықтық олимпиадасына (Инфоурок жобасы) қатысып І орынға ие болды.
2014-2015о.ж.-облыстық «Математика пәні мұғалімдері олимпиадасына»қатысып, ІІІ орынға ие болды.
2014-2015о.ж.- «Infourok. ru» халықаралық интернет ұстаздар сайтында баяндама,сабақтары жарық көрді
2015-2016 о.ж.- 10В сынып оқушысы Шаматова Элиза математика пәні бойынша облыстық «Олимпис-2016» олимпиадада ІІІ орынға ие болды
2016-2017о.ж-Халықаралық «Infourok» сайтында «Тесты 11 класс математика» тақырыбында жұмысы жарияланды.
2016-2017о.ж. -11В сынып оқушысы Шаматова Элиза математика пәні бойынша облыстық «Олимпис-2017» олимпиадада ІІІ орынға ие болды
2019-2020о.ж. «Алтын кітап» энциклопедиясы Қазақстан Республикасы Білім саласындағы үздік қызметкерлердің Республикалық жинағына енді.
2019-2020о.ж-7б сынып оқушылары: Шапағатова Ботагөз, Мерсадих Жайнар, Хайржан Нұрлы халықаралық «Кенгуру» математикалық сайысына қатысып, І орынға ие болды.
2020-2021о.ж.-«Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «ТАҒЫЛЫМ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурсына қатысып, «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. Шығармашылық жұмысы журналдың 2020 жылғы №09(80) санында жарияланды.
2021-2022о.ж.-облыстық математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасына қатысып, ІІ орынға ие болды
Оқушылары «Алтын белгі», «Үздік куәлік» иегерлері,аудандық,облыстық олимпиадаларының , халықаралық «Кенгуру» математикалық сайыстарының, Республикалық «Ақбота» интелектуалдық ойының жүлдегерлері .
2010-2011о.ж- Аудандық білім беру бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды
2011-2012о.ж. – Құрманғазы ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды
2013-2014о.ж.-Облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды
2001 оқу жылынан бері Ақкөл жалпы орта мектебі директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Досалиева Райзада Махамбетовна
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Досалиева Райзада махамбетовна 04.10.1974 жылы Ақкөл жалпы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино бекетінде дүниеге келген. 1991 жылы №81 орта мектебін бітіріп, 1999ж Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетін бітірді.
Мамандығы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. 1992 жылдан бері Ақкөл жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді.
Еңбек өтілі — 29жыл.
Біліктілік санаты – жоғары.
2017 жылы Қазақстан Республикасының «Өрлеу» Білім-ғылым, технологиялар порталының «Үздік автор»төсбелгісі, №037 куәлігі, құрмет грамотасы берілді.
2017 жылы Қазақстан Республикасының «Өрлеу» Білім-ғылым, технологиялар порталының «Ұлағатты ұстаз»төсбелгісі, №FO052 куәлігі, құрмет грамотасы берілді.
2017 жылы Қазақстан Республикасының «Өрлеу» Білім-ғылым, технологиялар порталының Құрмет грамотасы берілді.
2017жылы «Ұлы халықаралық энциклопедиясына» еніп «Білім саласындағы үздік» ІVшығарылымында дипломмен және төс белгісімен марапатталды.
2018-2019 оқу жылында мұғалімдерге арналған nio.kz Республикалық Ұлттық қашықтық олимпиада жүлделі ІІ орын иелендім.
2018-2019 оқу жылында «Фариза,Фариза қыз, Фаризажан» атты республикалық ақын өлеңдерін оқу байқауында Алғыс хатпен марапатталды.
Камидуллина Майра Тайровна
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
- Тегі, аты және әкесінің аты: Камидуллина Майра Тайровна
- Лауазымы,жұмыс, қызмет орны: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, «Ақкөл жалпы орта мектебі» КММ-сінің мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, география пәні мұғалімі
- Туған жылы: 15.07.1966 жыл
- Ұлты:қазақ
- Білімі: Жоғары.1988 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, география-биология пәні мұғалімі
- Мекен-жайы: Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Ақкөл ауылы Ы.Алтынсарин көшесі,34
- Жалпы жұмыс өтілі: 32 жыл
А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын 1988 жылы география – биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын бұрынғы Теңіз ауданы,Дыңғызыл ауылында В.И.Чапаев атындағы мектепте бастаған.
Камидуллина Майра Тайровна Ақкөл жалпы орта мектебінде 1991 жылдан бастап география пәнінің мұғалімі және 2003 жылдан мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Білім беру жүйесіндегі негізгі талап- оқушыға тәрбие,білім берудің жаңа технологиялық әдістерін қолдануды басшылыққа ала отырып, мұғалім шығармашылықпен еңбектеніп келеді. Шәкірттері география пәні бойынша аудандық, облыстық пәндік олимпиада жүлдегерлері.
Шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде үнемі аудандық, облыстық семинар,педагогикалық оқу,байқауларға қатысып,марапатқа ие болуда.
2013 жылы облыстық «Қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі тәрбие процесі:проблемалар мен даму болашағы» атты семинарда Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің «Алғыс хатымен» марапатталып, тәжірибесі таратылды.
2014 жылы облыстық «Имандылық- инабаттылық айнасы» тақырыбындағы «Алғыс хатымен» марапатталып, семинарда тәжірибесі таратылды.
2014 жылы Білім мекемелерінің кәсіподақ комитеттері төрағаларының Құрманғазы аудандық кеңесінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2017 жылы «Ұлттық құндылығымыздың ұйтқысы – тәрбиелі қыз» жобасының қорытындысымен «Үздік шара» номинациясында ата-аналармен жұмыстағы ерекшелігі үшін марапатталды.
2018 жылы «Туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі- рухани құндылықтар» тақырыбындағы аудандық семинарды ұйымдастырып, марапатталды.
2018 жылы «Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» облыстық жобалар байқауының жеңімпазын дайындағаны үшін Атырау облысы білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2019 жылы «Қазақ білімі» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналының №5 санында «Құқық-қоғамдық өмірдің реттеушісі» тақырыбындағы облыстық семинарда өткізген еңбегі жарияланды.
КИО Жаратылыстану бойынша ІІІ орын 2020 ж № 01846129-6890
2020 жылы «Тағылым» ғылыми-әдістемелік журналының №9 санында «Қазақстанның топырақ түрлері» тақырыбындағы 7-сыныпта өткізілген сабағы жарияланды.
2021 жылы Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының облыстық кезеңінде «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша «География сабағында оқушылардың жобалық-зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру» тақырыбы ІІІ дәрежелі диплом
Шаяхметова Тайжан Телжановна
Әлеуметттік педагог
Шаяхметова Тайжан Телжановна бір жылдың педагогикалық курс бітіріп, 1986 жылдың тамыз айынан бастап №81 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. 1994 жылы Гурьев педагогикалық инстутының филология факультетінің орыс тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша сырттай оқып,диплом алды.2010 жылдан бері Ақкөл жалпы орта мектебінде әлеуметтік педагог қызметін атқарып келеді.Еңбек өтілі-35 жыл,санаты-педагог-сарапшы.орыс тілі пәні бағытында 8,9 сыныптар оқушылары арасында өткізілген аудандық «Русский язык — ключ к знаниям» байқауында бейнероликті қорғау бағыты бойынша 2 орын, аудандық «Чтение-лучшее учение» байқауында 1 орын иеленді. Республикалық ғылыми- әдістемелік «Тағылым» журналында 2020 жылғы №09 (80) «Үздік сабақ жоспары»номинациясы бойынша 2 орын иеленді.
Әлеуметік бағыт бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 30 жыл толуына орай білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында мектеп туризімінен аудандық челлендж байқауына қатысып,жүлделі 2 орын иеленді.Мерзімдік пән бойынша курстар өтті.