АҚКӨЛ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ АТА-АНАЛАР, БІЛІМ АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!
Ақкөл жалпы орта мектебі бойынша 2023-2024жаңа оқу жылына арналған МЕКТЕП ФОРМАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда №13085 санды және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1 тармақшасына сәйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында ұсынады.
Мектеп формасының түсі: қою көк
1.Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар кең тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті.
2.Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет,ақ жейде,юбка (ұзындығы тізеден төмен болуы қажет). Аяқ киім яғни классикалық үлгідегі туфли (өкшесінің ұзындығы 2-3 см аспауы тиіс).
3.Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады.
4.Әрбір ата-ана өндірушіні таңдауда тәуелсіз және мектеп формасын кез-келген нарықта, дүкенде немесе жеткізушілерден сатып алуға құқылы.
5.Мектеп формасына түрлі конфессияға жататын діни элементтерді енгізуге жол берілмейді!